Азаматтық-патриоттық тәрбие іс шаралары » Таңбалытас орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Таңбалытас ауылындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770) 62-5-67
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
январь
2023

Азаматтық-патриоттық тәрбие іс шаралары

     Тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына орай Таңбалытас ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  мектеп  директоры Жидебаева Айнур Торебаевна мен директордың тәрбие-жөніндегі орынбасары Мусаева Айнагул Калиевнаның қолдауымен, 10 «ә» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Жолшибаева Гулжан Саденовнаның  ұйымдастырумен  "Спорт саңлақтары ауылдан шығады" тақырыбында ауылымыздан шыққан спортшымен кездесу ұйымдастырды .Мектептің  мақтанышына айналған Таңбалытас орта мектебінің түлегі ,спортшы,спортшы  болғанда сайдың тасындай болып іріктелген мықтылардың – мықтысы деп атауға болатын , 2022жылы 2-4 желтоқсан аралығында Испания чемпионатының Барселонада  өткен «Комбат Джиу-джитсудан» Әлемдік деңгейде елінің намысын абыроймен қорғап, қола медальді иеленген Қазақстан Республикасының  спорт шебері Саденов Алмаз Қайратұлымен кездесу өтті. Спорт алаңында биік белестерді бағындырып жүрген спортшымыз  Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Мәтібұлақ ауылдық округіне қарасты Жартас ауылында 1999жылы  дүниеге келген.Қарапайым отбасында тәрбиеленген . Кештің мақсаты,өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін оятып,ынтасы бар оқушыларды спорттық өнерге баулу.