Мектеп асханасы жайлы мәлімет » Таңбалытас орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Таңбалытас ауылындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770) 62-5-67
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп асханасы жайлы мәлімет
27
февраль
2020

Мектеп асханасы жайлы мәлімет

Мектеп асханасындағы оқушылардың ыстық тамақпен қамту жағдайы туралы

Қазіргі таңда жас ұрпақтың денсаулығы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатыны баршаға аян. Сол себептен мектеп оқушыларының тамақтану мәселесіне айрықша мән беріп, қадағалауымыз қажет. Асхана жұмысын дұрыс ұйымдастыру, тамақтану сапасын тексеру үшін бракераж тобы құрылып күн сайын рейдтер жүргізіледі. Мектеп асханасынан бір мезгіл ыстық тамақпен көпбалалы, аз қамтылған, жартылай жетім, толық емес отбасы балалары тамақтанады.Күнделікті тамақты мәзір байынша, құнарлы өнімдермен дер кезінде дайындап отырады. Асхана 50 орындық. Ыстық тамақпен балалар екі ауысымда тамақтанады. Яғни бір мезгіл ыстық тамақпен 56 оқушы тамақтанса, мектеп асханасын жалға алушы есебінен 7 оқушы тамақпен қамтылады. Мектеп асханасының санитарлық-гигиеналық жағдайы күнделікті қадағаланып,тағамдардың дайындау технологиясына, өнімдердің сақтау мерзіміне, мектеп асханасының талапқа сай жұмыс жүргізілуіне байланысты жалға алушыға барлық мән – жәй ескертілді.
Асханада күнделікті ас мәзірі ілініп тұрады. Ас мәзірі оқушылардың денсаулығын нығайту мақсатында дәрумендерге бай көкөністерден әзірленеді.
Осы оқушылардың дер кезінде тамақтанып отыруын мектеп басшысы әлеуметтік-педагогке жүктеді. Мұғалімдер арасында асханада кезекшілік құрылып мектеп директорымен бекітілген.